Кипрден ұтылудың жауапкершілігін мойнына алған футбошы Бельгиямен матчке қатыспайды

Исламбек Қуат. Сурет: ҚФФ
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат Еуро-2020 іріктеу раундындағы Бельгияға қарсы матчке қатыспайды, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

Кипрге қарсы ойынның 64-ші минутында футболшы сары қағаз алды, бұл осы іріктеудегі үшінші ескерту. Сондықтан келесі ойынға ол қатыса алмайды. 

Сары қағазды бірінші рет Исламбек Ресеймен (0:4) матчте алған, екіншісін - Бельгиямен (0:3) Брюсселдегі ойында.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Кипрмен кешегі ойында 1:2 есебімен ұтылды, ал Исламбек ұтылыс үшін жауапкершілкті өз мойнына алды - Футболшы бірінші таймда екі 100 пайызды мүмкіндікті жіберіп алғанын айтады. Бельгиямен ойын Қазақстан астанасында қазанның он үшінде өтеді.