Кипрге қарсы ойынның 64-ші минутында футболшы сары қағаз алды, бұл осы іріктеудегі үшінші ескерту. Сондықтан келесі ойынға ол қатыса алмайды.
Сары қағазды бірінші рет Исламбек Ресеймен (0:4) матчте алған, екіншісін - Бельгиямен (0:3) Брюсселдегі ойында.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы Кипрмен кешегі ойында 1:2 есебімен ұтылды, ал Исламбек ұтылыс үшін жауапкершілкті өз мойнына алды - Футболшы бірінші таймда екі 100 пайызды мүмкіндікті жіберіп алғанын айтады. Бельгиямен ойын Қазақстан астанасында қазанның он үшінде өтеді.