Киллиан Мбаппе пенальти сала алмай Еуродан шығып қалғанына қатысты мәлімдеме жасады
Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Швейцариядан ұтылғаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Швейцариядан ұтылғаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бухарестте өткен ойынның негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды. Ал пенальти сериясында Мбаппе шешуші голды сала алмады.
"Жарыстан шығып қалғанымыз өте ауыр, өз мақсатымызға жете алмадық. Пенальти үшін кешірім сұраймын. Командаға көмектесейін дедім, бірақ, қолымнан келмеді. Ұйықтай алмайтын шығармын. Алайда осы спорттағы сүріну мен қайта самғауды жақсы көремін. Жанкүйерлердің көңілі қалғанын білемін, дегенмен, қолдауларыңызға алғыс білдіріп, бізге сенім артқандарыңызға рахмет айтқым келеді. Бастысы - алдағы сынақтарға шыңдала түсу. Швейцарияны құттықтаймын және сәттілік тілеймін", - деп жазыпты Мбаппе Instagram желісінде.
Жарнама