Киллиан Мбаппе алаяқтардың құрбаны болды

Сурет: Eurosport
Франциялық "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе алаяқтардың құрбаны болды, - деп хабарлайды L`Equipe.

Басылым мәліметінше, франциялық форвардтың аты оның рұқсатынсыз биткоин криптовалюталары жарнамасында қолданылған. Ағымдық сайттарда көрсетілген жарнамада Мбаппе суреті жарияланып, криптовалютаға қаржы құюға шақырған. Футболшы сотқа шағымданбақ.