Мбаппе ангина себебінен кейігі екі күн жаттығуға бармаған. Алдын ала сақтану шарасы ретінде футболшы коронавируске де тест тапсырды. Мәлімет бойынша, тест футболшының сау екенін көрсетті.
Мұның алдында ПСЖ бапкері Томас Тухель футболшыда ангина екенін хабарлаған. Ал Мбаппенің Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы дортмундтік "Боруссиямен" ойынға қатысуы матч күні, 11 наурызда шешіледі.