Килиан Мбаппенің қандай жағдайда "Реалға" ауысатыны айтылды

3 желтоқсан 2022 17:01
©twitter.com/PSG_inside

Мадридтік "Реал" ПСЖ мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппені сатып алуға дайын, деп жазады Defensa Central порталы. 

Қазіргі уақытта "Реал" президенті Флорентино Перес Мбаппені сатып алудың жолып қарастырып жатыр. Бірақ ол үшін клуб маркетинг пен жарнама ережесін сақтап, жалақы мөлшерінен асып кетпеу керек. 

Бұл дегеніміз Килиан "Реалда" ПСЖ командасындағыдай үлкен келісімшарт ала алмайды деген сөз. Сол үшін де шабуылшының өзі бұл трансферден бас тартуы мүмкін. 

Еске салайық, Мбаппе испаниялық команда сапына жазда, еркін агент ретінде ауысуы мүмкін еді. Бірақ ол кезде Мбаппе ПСЖ командасымен үш жылға жаңа келісімшарт жасауды жөн көрді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар