Килиан Мбаппе ПСЖ тізгінін франциялық маманның ұстағанын қаламайды

©Reuters

"Пари Сен-Жермен" командасының шабуылшысы Килиан Мбаппе "Ницца" командасының бас бапкері Кристоф Гальтенің париждік клубтың тізгінін ұстағанын қаламайды. Бұл туралы beIN Sports порталының тілшісі Омар Альтундаг хабарлады. 

Осыған дейін Альтундаг ПСЖ тізгінін 99 пайыз Гальте ұстайды деген ақпарат шығарған болатын. 

Ал басқа БАҚ өкілдері ПСЖ командасымен келісімшартты ұзартқанда Мбаппе бас бапкерді тағайындау кезінде басымдыққа ие болатынын және команда сапында ұнамайтын футболшылардың кетуіне әсер ете алатынын жазған болатын. Кейін Sportbible басылымы Мбаппенің командадан Неймар және 14 футболшының, сонымен қатар, Маурисио Почеттиноның кеткенін қалайтыны туралы мақала жариялады. 

Айта кетейік, Гальтенің "Ницца" командасымен 2024 жылдың маусым соңына дейін келісімшарты бар. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар