Килиан Мбаппе ПСЖ командасымен келісімшартын ұзартпайтын болды

©ПСЖ ФК

Франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе ПСЖ командасымен келісімшартын ұзартпайтын болды. Бұл туралы AS басылымы хабарлайды. 

Шабуылшы париждік команда ұсынған ешқандай ақшаға қызығып отырған жоқ. Оның басты мақсаты - мадридтік "Реал" сапына ауысу екен. 

"Килианды ақша қатты қызықтырмайды. Оған тіпті бүкіл әлемнің ақшасын берсе де, ол келісімшартын ұзартпайды. Мбаппе үшін шешім қабылдап қойған. Ол карьерасын Мадридте жалғастырғысы келеді. Сол үшін ол 30 маусымды тосады. Содан кейін оның арманы орындалады", - деп жазады басылым. 

Еске салайық, бұған дейін Мбаппенің өзі биыл "Реал" командасына ауысқысы келгенін айтты. Бірақ ПСЖ командасы шабуылшыны сатпады. 

Transfermarkt ақпараты бойынша, дәл қазіргі уақытта Мбаппе әлемнің ең қымбат футболшысы. Оның нарықтағы құны 160 миллион еуро. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: