Килиан Мбаппе ПСЖ командасымен келісімшартын ұзартпайтын болды
Франциялық ПСЖ командасының шабуылшысы Килиан Мбаппе қыста париждік командамен келісімшартын ұзартпайтын болды. Бұл туралы AS хабарлайды.
Франциялық ПСЖ командасының шабуылшысы Килиан Мбаппе қыста париждік командамен келісімшартын ұзартпайтын болды. Бұл туралы AS хабарлайды.
Дереккөздің ақпараты бойынша, шабуылшы бірнеше себеп бойынша Францияда қалғысы келмейді. Біріншіден, Килианға команда сапында шабуыл шебінде көп футболшының болғаны ұнамайды. Екіншіден, оған ПСЖ жанкүйерлерінің ысқырып, мазақ еткені көңілінен шықпайды.
Айта кетейік, Мбаппенің ПСЖ командасымен қазіргі келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымында аяқталады. Килиан ПСЖ сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетеді. Ал оған дейін "Монако" командасының намысын қорғаған. Өткен маусымда ол Франция чемпионатында 31 кездесуге қатысып, 27 гол соққан. Сондай-ақ, ол өткен маусымда Чемпиондар лигасында 10 гол салды.
Жарнама