Килиан Мбаппе өзінің болашағына қатысты жауап берді

©Reuters

Футболдан Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе "Пари-Сен Жермен" сапында қала ма, қалмай ма деген саулаға жауап берді, деп жазады Prime Video порталы. 

Еске салайық, осыған дейін испаниялық "Реал" мен "Барселона" Мбаппені өз қатарына қосықысы келеді деген ақпарат шыққан болатын. 

"Мен өз болашағыма байланысты нақты шешім шығарған жоқпын. Мұны бәрі біледі. Әлі ойланып жатырмын. Егер мен шешім шығарып қойғанымда, оны бәрі еститін еді. ПСЖ сапында қалуым мүмкін бе? Әрине", - деп жауап берді Мбаппе. 

Айта кетейік, Transfermarkt порталының нұсқасы бойынша, Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшы. Портал 23 жастағы шабуылшыны 160 миллион еуроға бағалап отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар