Килиан Мбаппе неге "Реалға" ауыспағанын түсіндірді

©ПСЖ ФК

ПСЖ мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе жазғы трансфер кезінде неге мадридтік "Реалға" ауысудан бас тартқанын айтып берді. Футболшы болашағына қатысты шешім шығарған кезде ақшаның ешқандай маңызды рөл ойнамағанын мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі The New York Times басылымына сілтеме жасап. 

Жазғы трансфер кезінде "Реал" командасы Мбаппені алу үшін қанша талпынса да, шабуылшы париждік командамен 2025 жылдың 30 маусымына дейін жаңа келісімшарт жасады. 

"Мен қай командаға барсам да, қомақты ақша аламын. Карьерамды ел президентімен ақылдасамын деп ешқашан ойлаған жоқпын. Сұмдық жағдай болды. Ел президентінің өзі менің ПСЖ сапында қалғанымды қалады", - деді шабуылшы. 

ПСЖ сапына ауысарға дейін Мбаппе "Монако" клубының намысын қорғады. 

Еске салайық, кеше 23 жастағы шабуылшы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бірінші турында "Ювентус" қақпасына екі гол соқты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport