Килиан Мбаппе Мадрид қаласына көшіп келді. Жуырда ол "Реалмен" келісімшарт жасайды

©Reuters

Франциялық "Пари Сен-Жермен" командасының шабуылшысы Мадрид қаласына келді, деп хабарлайды Marca басылымы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, шабуылшы Испанияның астанасында жүргеніне біраз уақыт болды. Жуырда оның отбасы Мадрид қаласына келу керек. 

Бұған дейін Мбаппенің "Реал" сапына ауысуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді. Бірақ париждік команда шабуылшыны жібергісі келмей, жаңа келісімшарт ұсынды. 

Ал жуырда әлеуметтік желіде Мбаппенің Париждегі үйінен заттарын жинап, көшіп жатқаны туралы мәлімет шықты. Шабуылшы Мадридке келді және жуырда "Реалмен" келісімшарт жасауы мүмкін. 

Айта кетейік, 23 жастағы футболшы ПСЖ сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Биыл ол париждік командамен 43 кездесуге қатысып, 35 гол соғып, 23 нәтижелі пас берді. 

Мбаппе мен ПСЖ арасындағы келісімшарт биыл маусым соңында аяқталады. Transfermarkt порталы шабуылшыны 160 миллион еуроға бағалап отыр. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport