Футбол
1 қазан 12:43

Килиан Мбаппе "Қайратпен" матч туралы ойын жасырмай айтты

©championat.com

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппе алматылық "Қайратпен" матч жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.

Франциялық шабуылшысы матчтан кейінгі сұхбатқа шақырылды.

- Қазір қандай әсердесіз?

- Иә, біз өте қуаныштымыз. Үш ұпай алғанымызға және Мадридке жеңіспен оралатынымызға қуаныштымыз. Бұл оңай ойын болған жоқ. Мұнда келіп ойнаудың қаншалықты қиын екенін білеміз. Барлық жағдайды ескерсек, осында келіп, жақсы ойын көрсету оңай емес. Біз өте байыпты ойнадық және енді Мадридке қайтуға қуаныштымыз, - деді Мбаппе.

Еске салайық, Килиан Мбаппе "Қайрат" қақпасына хет-трик жасап, матчтың ең үздік ойыншысы атанды. "Реал" бұл кездесуде 5:0 есебімен ірі жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport