Килиан Мбаппе FIFA 23 стимуляторында ең мықты ойыншы атанады

©Reuters

"Пари-Сен Жермен" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе FIFA 23 футбол стимуляторында рейтингі ең жоғары футболшы атанады. Бұл туралы  FutZoneFIFA хабарлады.
Осылайша, ол бірнеше жыл бойы әлемде ешкімге дес бермеген Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың гегемониясын тоқтатады. Себебі ПСЖ мен "Манчестер Юнайтед" жұлдызды ойыншылары рейтинг жағынан көш бастап тұрған еді.

Ал Мбаппеге стимуляторды орнатушылар биыл 93 балл берді.
Еске салайық, Мбаппе жазғы трансферлік маусымда "Реалға" ауысуы мүмкін болған. Алайда париждіктермен келісімшартын созды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport