Килиан Мбаппе Еуропа чемпионатына қатысты батыл мәлімдеме жасады

©Sports.ru

Килиан Мбаппе футболдан Франция құрамасы Еуропа чемпионатында қандай нәтижені көздеп отырғанын айтты. 

Еуро-2024 турнирінде Мбаппенің командасы D тобына Нидерланды және Аустриямен түсіп отыр. Ал төртінші команда Ұлттар лигасындағы шешуші матчте анықталады. 

"Франция құрамасы - Еурода өнер көрсетуін көпшілік күтетін командалардың бірі. Біз дайныбыз және өзімізге сенімдіміз. Біз іріктеуден жақсы өттік, біздің ендігі мақсат - Еуропа чемпионатын ұтып алу", - дейді Мбаппе GQ-ге берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport