Килиан Мбаппе Еуро-2020 турнирінің қызған шағында басқа клубқа ауысады

сурет: REUTERS/Charles Platiau

"Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Еуро-2020 турнирінің аясында корольдік клубқа ауысады деп хабарлайды Diario Sport порталы. Мадридтің "Реалы" 2014-ші жылдан бері әлемдегі ең талантты ойыншылардың бірін өз қатарына қоса алмай келеді.

Осыған дейін "ПСЖ" клубының президенті Насер Аль-Хелаифи талай мәрте Мбаппені сатқан жағдайда кемі 200 млн еуро пайда табуымыз тиіс деп мәлімдеген еді. Ал transfermarket сайты француз шабуылшысын 160 млн еуроға бағалап отыр.

Футболшының париждіктермен келісім-шарты келесі жылы аяқталатын ескерсек, ол жақын арада Пиреней түбегіне ауысуы мүмкін. Оның үстіне бала күнінен Зинедин Зидан мен "бланкостың" жанкүйері болып келген Мбаппе де Мадридте доп тебуіне қарсы емес.

Еске салсақ, 2022-ші жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Франция кездесіп, Нұр-Сұлтанда Килиан Мбаппе 11 метрлік айып добын орындаған. Алайда Мокин қақпасынан саңылау таппағанын жанкүйерлер жадынан әлі кете қоймады. Дегенмен Дидьде Дешам бастап келген әлем чемпионы "Астана-Аренада" 0:2 есебімен жеңіске жетті.

Метки: