Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының жаңа рекордын орнатты

Сурет: championat.com

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты,- деп хабарлайды УЕФА твиттері.

Чемпиондар лигасы 1/4 финалындағы мюнхендік "Баварияға" қарсы матчте (3:2) франциялық ойыншы дубль жасады.

Осылайша, Мбаппе Чемпиондар лигасы 1/8 және 1/4 финалының сырт алаңдағы ойында бес гол салған бірінші футболшы болып отыр. 

Чемпиондар лигасындағы ПСЖ - "Бавария" командаларының қарымта кездесуі 13 сәуір Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өтеді.