Футболдан Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе әлемнің жаңа рекордының иегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Плей-офф кезеңінің Польшаға қарсы өткізген матчында дубль жасаған Мбаппе әлем чемпионаттарында 24 жасқа дейінгі футболшылар арасында сегіз гол соққан тұңғыш футболшы атанды. Қазір 23 жастағы спортшының еншісінде әлем чемпионаттарында соғылған 9 гол бар, оның бесеуін ол биылғы әлем біріншілігінде соққан. Бүгінде ол - турнирдің үздік сұрмергені.
Франция құрамасы Польшаны 3:1 есебімен жеңгенін және ширек финалда Англия құрамасымен кездесетінін еске сала кетейік.