Килиан Мбаппе 63 жылдан кейін Францияда рекорд орнатты
Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе араға 63 жыл салып, құрама рекордын орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе араға 63 жыл салып, құрама рекордын орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
ӘЧ-2022 турнирінің іріктеуінде Талғат Байсуфинов командасымен кездескен Франция құрамасы өз алаңында 8:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Мбаппе покер жасады.
Осылайша, "ПСЖ" шабуылшысы әлем чемпионатына жолдама берілетін квалификацияның бір матчтында 4 гол соғып отыр. Соңғы рет 1958 жылы Швециядағы әлем біріншілігінде Франция мен ФРГ командалары арасындағы үшінші орын үшін өткен кездесуде француздар 6:3 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал Жюст Фонтен немістердің қақпасына 4 гол салған болатын.
Жарнама