Киевтік "Динамоның" түлегі "Тұраннан" өзбекстандық клубқа ауысты
©"Динамо" ФК
26 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Евгений Чумак "Тұраннан" өзбекстандық "Динамоға" еркін агент ретінде ауысты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
26 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Евгений Чумак "Тұраннан" өзбекстандық "Динамоға" еркін агент ретінде ауысты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, киевтік "Динамоның" түлегі өткен жылдың шілде айынан бастап түркістандық "Тұранның" намысын қорғаған еді. Барлық турнирлерде жеті ойын өткізіп, нәтижелі әрекетпен көзге түспеді.
Өткен маусымды 12-орынмен аяқтаған түркістандық клубқа ресейлік Владимир Газзаев бас бапкер болып тағайындалғанын да айта кеткен жөн.
Жарнама