ҚФФ ұлттық команданың сенсациялық жеңісіне қатысты пікір білдірді

©Reuters

ҚФФ бас хатшысы Олжас Абраев құраманың Ұлттар лигасындағы Словакияны ұтқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

С дивизионындағы үшінші топтағы ойын Трнава қаласында өтіп, 1:0 есебімен Магомед Адиев шәкірттерінің пайдасына аяқталды.

"Әлбетте, бүгінгі жеңіс қазақстандық футбол тарихына кіреді! Жанқиярлық, бірлік пен командалық рух - Қазақстанға жеңуге көмектескен үш негіз. Турнир алдында көптеген қиыншылық болды, мықты ойыншылардың жарақаты, дайындыққа уақыттың аздығы да бөгет бола алмады. Футболшылар мен бапкерлер штабына алғыс айтамын! Трнаваға Еуропаның әр түпкірінен келген жанкүйерлерге рахмет айтамын. Бұл ортақ жеңіс", - деп жазыпты Абраев Instagram желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport