ҚФФ Ұлттар лигасында құрамамыз қанша сыйақы тапқанын жариялады
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) құрамамыз Ұлттар лигасындағы ойындарынан қанша сыйақы тапқанын жариялады, деп жазады arbat.media порталы.
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) құрамамыз Ұлттар лигасындағы ойындарынан қанша сыйақы тапқанын жариялады, деп жазады arbat.media порталы.
Ұлттар лигасына жай қатысқаны үшін берілетін сыйақылар ҚФФ бджетіне түсіп қойған екен.
"Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-мен келісімшарты бойынша Ұлттар лигасына қатысқаны үшін 1,125 миллион еуро алды. Ол ақшалар құрамамыздың дайындығына кетті", - делінген ҚФФ таратқан мәлімдемеде.
Ал Ұлттар лигасындағы табысты өнері үшін құрамамыз әлі қосымша сыйақы алмаған. Сондықтан федерация енді УЕФА-дан нақты қанша ақша алатынын айтпады.
Еске салайық, Магомед Адиевтің бастамасымен Қазақстан құрамасы С дивизионында жеңіске жетіп, В дивизионына көтерілді.
Жарнама