Футбол
12 мамыр 2022 10:40
 
ҚФФ ресейлік футболшыны Қазақстан құрамасына шақырту туралы ақпаратқа жауап берді

  Пікірлер

blog.share

ҚФФ ресейлік футболшыны Қазақстан құрамасына шақырту туралы ақпаратқа жауап берді ©"Ахмат" ФК

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ресейлік "Ахмат" командасының шабуылшысы Идрис Умаевты Қазақстан құрамасына шақырту алуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport24 порталы. 

Бұған дейін түрлі БАҚ өкілдері 23 жастағы футболшы азаматтығын ауыстырып, Қазақстан құрамасына шақырту алуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді. Осыған байланысты бүгін ҚФФ жауап берді. 

"Бұл сұрақтың жауабын футболшының өзінен алғандарыңыз дұрыс. Өйткені азаматтық ауыстыру мәселесін Умаевтың өзі шешеді. Қазақстан федерация оған ұсыныс жасады ма? Жоқ. Ешқандай ұсыныс болмады", - деді ҚФФ баспасөз қызметінің басшысы Гүлмира Шутанова. 

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасының тізгінін "Шахтерді" жаттықтырған Магомед Адиев ұстаған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!