ҚФФ Ресей құрамасымен жолдастық кездесуге қатысты ресми мәлімдеме жасады
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Олжас Абраев ҚФФ-ның Ресеймен жолдастық кездесу өткізуден бас тартты деген ақпаратына қатысты ресми пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Олжас Абраев ҚФФ-ның Ресеймен жолдастық кездесу өткізуден бас тартты деген ақпаратына қатысты ресми пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Осыған дейін дереккөздер ҚФФ Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізуден бас тартты деген ақпарат шығарған болатын.
"Баршамызға белгілі, Қазақстан құрамасы 19 қараша күні Абу-Даби қаласында Біріккен Араб Әмірлігімен жолдастық кездесу өткізеді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта 16 қараша күші жолдастық кездесу өткізу туралы бірнеше ассоциациямен келіссөз жүруде.
Шынымен де Қазақстан мен Ресей құрамалары арасында жолдастық кездесу өткізу туралы сауал қарастырылды. Біз қазір Ресей футбол одағымен келіссөз жүргізудеміз. Дегенмен ҚФФ және РФО күнтізбесінде ерекшеліктер бар. Қазір тек талқылап жатырмыз. Егер ойынды өткізетін күн екі құрамаға да ыңғайлы болса, онда матчты өткізу мүмкіндігін қарастыруға болады.
Сондықтан да Қазақстан футбол федерациясы Ресей футбол одағына ойынды өткізуден бас тартты деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Ресейлік әріптестерімізбен үнемі байланыстамыз. Екі ассоциация арасында қарым-қатынас туралы мемарандум бар. Одан бөлек, Қазақстан мен Ресейдің жастар және жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесу өткізеді деген келісім бар", - деді Абраев.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жуырда екі кездесу өткізеді. Тарқатып айтсақ, 22 қыркүйек күні Магомед Адиевтің шәкірттері Беларусь, ал 25 қыркүйек күні Әзірбайжан құрамасымен жолығады.
Жарнама