1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Футбол
Бүгін 11:31
 

ҚФФ Қазақстан құрамасының бас бапкеріне қатысты мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

ҚФФ Қазақстан құрамасының бас бапкеріне қатысты мәлімдеме жасады ©ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметі ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновтың болашағына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметі ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновтың болашағына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қазақстан футбол федерациясы бірқатар бұқаралық ақпарат құралында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметінен кетуі мүмкін екені туралы тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.

ҚФФ Талғат Маруаұлы Байсуфиновқа толық қолдау білдіреді. Маманның кәсіби қызметін, Қазақстан ұлттық құрамасын дамытуға қосқан үлесін, сондай-ақ команданы алдағы матчтар мен турнирлерге дайындау бағытындағы жұмысын жоғары бағалайды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, блогерлерді және әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және қоғамды жаңылыстыруы мүмкін расталмаған ақпаратты таратпауға шақырамыз.

Кадрлық шешімдерге қатысты барлық жаңалық Қазақстан футбол федерациясының ресми ақпарат көздерінде ғана жарияланады.", - делінген ҚФФ мәлімдемесінде. 

Нәтижелер және алдағы матчтар

Еске салайық, 6 маусым күні Қазақстан құрамасы Ереванда Арменияға қарсы жолдастық матч өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті.

Талғат Байсуфинов шәкірттері келесі кездесуін 9 маусым күні сырт алаңда Венгрия құрамасына қарсы өткізеді. Матч Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!