ҚФФ Қазақстан құрамасының бас бапкерін қашан таныстыратыны белгілі болды

©"Шахтер" ФК

Ресейлік маман Магомед Адиевтің Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне қашан кірісетіні анықталды, деп жазады Meta-ratings.kz порталы. 

Дереккөз ақпараты бойынша, Қазақстан футбол федерациясы 44 жастағы бапкерді көпшілікке 29 сәуір күні таныстырады. 

Адиевтің өзі жуырда қарағандылық "Шахтер" командасынан кетеді. 

44 жастағы маман "кеншілерді" 2021 жылдан бері жаттықтырады. Ал өткен турда "Шахтер" ел біріншілігінде жеңілгеннен кейін, ол команда басшыларымен кездесуді талап еткен еді. 

Осыған дейін Адиев Ресейде жұмыс істеген. Ол "Чайка", "Ахмат", "Анжи" және "Нижний Новогород" командаларын жаттықтырған. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін Андрей Карпович атқарған болатын. Ол Талғат Байсуфиновтің орнына келген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport