Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Olimpbet-ҚР чемпионаты аясында "Тобыл" – "Ақтөбе" және "Ордабасы" – "Ақтөбе" матчтарынан кейін жанкүйерлердің арасында болған жаппай төбелес туралы хабардар, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"ҚФФ отандық жанкүйерлердің мінез-құлқына қатты алаңдайды. Біздің жанкүйерлер клубтық футболда да, ұлттық құраманың матчтарында да әрқашан адалдығымен, ұйымшылдығымен және қолдаудың жоғары әрі мәдениетті деңгейімен танымал.
Осыған байланысты, өте қайғылы салдарға әкеп соқтыратын оқиғаларды болдырмау үшін мінез-құлық ережелері мен қоғамдық тәртіпті сақтауды, қарсылас командалары мен жанкүйерлеріне, сондай-ақ матчтың ресми тұлғаларына құрмет көрсетуді сұраймыз.
Сонымен қатар, футбол клубтарын матчтарды ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтуге және жанкүйерлермен бұзушылықтардың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырамыз, - делінген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстан чемпионатының аяқталуына бір тур қалды. Соңғы 26-тур ойындары қараша айының 6 жұлдызына белгіленген.