Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Марат Омаров ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиевтің жұмысы туралы пікір ін айтып, бұрынғы жаттықтырушы Станислав Черчесовты де атап өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бас бапкер Әли Әлиев туралы айтсақ, ол - жергілікті маман, ол қазақстандық футболдың ерекшеліктерін жақсы біледі. Біз оның жұмысын сабырмен, бірақ мұқият бағалап отырмыз.
Келісімшарт та орынды, Черчесов кезіндегі алып шығындармен салыстырғанда әлдеқайда қарапайым. Ол ұлттық құрамалар департаментімен және ҚФФ-ның техникалық орталығымен тығыз жұмыс істеп жатыр. Біз барлық шешімдерді қысымсыз, талдап, саралап қабылдаймыз, - деп береді ҚФФ баспасөз қызметі Марат Омаровтың сөзін.
Еске сала кетейік, Станислав Черчесов 2024 жылы Қазақстан құрамасын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда Ұлттар лигасында бір рет тең ойын көрсетіп, бес матчта ұтылып қалды. Жалпы есеп - 0:15. 2025 жылдың басында ресейлік маман ұлттық құрамадан кетті.