PR маманы Гүлмира Шутанова Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұған дейін ҚФФ баспасөз қызметі басшысы қызметін танымал спорт комментаторы Ермаұхамед Мәулен атқарған болатын.
Бүгін, 1 сәуір күні Шутанова жұмысына ресми кірісті.
Ал Мәулен болса Қазақстан құрамасының пресс-атташесі болып қала береді.