Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин қызметінен кетеді, деп хабарлайды инсайдер Айдын Қожахмет.
Дереккөздің ақпараты бойынша, Айтқожин қызметінен кету туралы шешім шығарыпты. Бірақ ол өз еркімен бе, әлде мәжбүрлі кетіп жатыр ма белгісіз.
Ал "Гол емес" телеграм-каналының ақпараты бойынша, ҚФФ-ның жаңа бас хатшысы Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) президенті Олжас Абраев болуы мүмкін.
Дереккөз Абраев Айтқожин қызметінен кеткеннен кейін бірден ұсыныс алғанын айтады. Дегенмен де ол аталған ұсынысқа келісе ме, жоқ па әлі белігі емес.
Еске салайық, 28 ақпан күні өткен ҚФФ сайлауында Әділет Бәрменқұлов жеңіске жетіп, президент болып сайланды. Ол енді Әділбек Жақсыбековтың орнына отырады.