Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасын жаттықтыруын жалғастырады, деп жазады Meta-ratings.kz.
Жаңа келісімшарт бойынша отандық маман тағы бір жыл жұмыс істемек.
Талғат Маруаұлының жетекшілігімен ұлттық құрама Катар-2022 іріктеу турниріне қатысып, топта ең соңғы орын иеленді. Сонымен қатар, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ФИФА рейтингінде 119-орынға жайғасты.
Еске салайық, 2022 жылы наурыз айларының 24 мен 29 күндері Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасында С дивизионында қалу үшін Молдова командасымен өтпелі ойын өткізеді.