Кейінге шегерілген "Ювентус" - "Интер" матчі қай күні өтетіні белгілі болды

© Getty Images
Италия чемпионатының кейінге шегерілген туриндік "Ювентус" пен "Интер" арасындағы 26-шы тур матчі 8 наурызда өтеді, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

Мұның алдында коронавирус салдарынан ойын 13-ші мамырға ауыстырылатыны хабарланған еді. Бастапқыда кездесу 1 наурызға белгіленген болатын. 

Сонымен қатар, 8 наурызға А сериясындағы "Удинезе" - "Фиорентина", "Милан" - "Дженоа", "Парма" - СПАЛ мен "Сампдория" - "Верона" кездесулері және "Сассуоло" - "Брешия" матчі 9 наурызға қойылды.

Football Italia мәліметінше, осылай А сериясындағы 27-ші тур матчтері ауысытырылды, бұл ойындар демалыс күндері өту керек болатын. 

Сәрсенбіде Италиядағы барлық спорттық шаралар коронавирусқа байланысты көрермендерсіз өтетінін хабарланған. 

Италияның минстрелер кеңесі 31 қаңтарда елде вирустың таралуына байланысты жарты жылға төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдаған.