Футбол
Бүгін 10:39
 

Кейн рекорд қайталап "Баварияға" жеңіске жетуге көмектесті

  Пікірлер

blog.share

Кейн рекорд қайталап "Баварияға" жеңіске жетуге көмектесті ©"Бавария" ФК

Мюнхендік "Бавария" Германия кубогінің 1/32 финалында "Оснабрюкті" ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мюнхендік "Бавария" Германия кубогінің 1/32 финалында "Оснабрюкті" ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Баварияның" камбэкі және Кейннің дублі

"Бремер Брюкке" стадионында өткен кездесу қонақтардың жеңісімен аяқталды - 4:1. Матчтағы есепті алаң иелері ашты. 5-минутта Робин Майсснер "Оснабрюкті" алға шығарды.

Алайда "Бавария" үзіліске дейін есепті теңестіріп қана қоймай, басымдығын ары қарай үдете түсті. Алдымен 18-минутта Харри Кейн таразы басын теңестірсе, араға алты минут салып Том Бишоф мюнхендік клубты алға шығарды.

73-минутта Майкл Олисе "Баварияның" басымдығын еселеді. Ал 86-минутта Кейн пенальтиді сәтті орындап, матчтың қорытынды есебін белгіледі.

Кейннің жаңа рекорды

Кейн Германия кубогіндегі қатарынан жетінші матчте гол соғып отыр. Осылайша Кейн "Баварияның" рекордын қайталады. Бұған дейін мұндай көрсеткішке екі футболшы ғана жеткен. Алғаш рет 1967-1968 жылдары Герд Мюллер қатарынан жеті матчта гол соқса, кейін XXI ғасырда Томас Мюллер дәл осындай нәтижеге жетті - оның сериясы 2013 жылы басталып, 2014 жылы аяқталған.


"Бавария" - Германия кубогінің қазіргі чемпионы, ал "Оснабрюк" елдің екінші деңгейлі дивизионында өнер көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!