Футбол
Бүгін 12:08
 

Кейн мен Мбаппеден асып түскен Ямаль Еуропада үздік атанды

  Пікірлер

blog.share

Кейн мен Мбаппеден асып түскен Ямаль  Еуропада үздік атанды ©depositphotos.com/mrogowski_photography

Каталондық "Барселона" мен Испания құрамасының вингері Ламин Ямаль осы маусымда Еуропаның үздік бес чемпионатында өнер көрсететін клубтар мен ұлттық құрамалар футболшылары арасында ең көп нәтижелі әрекет жасаған ойыншы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Каталондық "Барселона" мен Испания құрамасының вингері Ламин Ямаль осы маусымда Еуропаның үздік бес чемпионатында өнер көрсететін клубтар мен ұлттық құрамалар футболшылары арасында ең көп нәтижелі әрекет жасаған ойыншы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ямаль Кейн мен Мбаппеден озып кетті

Stats Foot мәліметінше, 19 жастағы испаниялық футболшы клубы мен ұлттық құрамасы сапында 17 гол соғып, 15 нәтижелі пас берген.

Гол мен нәтижелі пасты қосқандағы жалпы көрсеткіш бойынша ол Мюнхеннің "Бавариясы" мен Англия құрамасында ойнайтын, "Алтын доптың" қазіргі иегері Харри Кейннен, сондай-ақ Франция құрамасының капитаны әрі мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппеден асып түсті.

Ямаль кезекті нәтижелі әрекетін Ла Лиганың 13-туры аясында "Вильярреалға" қарсы өткен матчта тіркеді. Бұл кездесуде "Барселона" 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ямаль "Барселонаға" есепті теңестіруге көмектесті

Бұл матчта каталондықтар бірінші таймда 0:2 есебімен ұтылып жатты. Сонымен қатар Ямаль пенальтиді пайдалана алмады. Алайда ол кейін нәтижелі пас беріп, өз қатесін жуып-шайды. Оның пасынан кейін Фермин Лопес 61-минутта есепті теңестірді. Ал келесі алты минуттың ішінде "Барселона" үшінші голын соғып, жеңісті жұлып алды.

13 турдан кейін команда 36 ұпай жинап, Испания чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап келеді.
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!