Германия құрамасының бұрынғы ойыешысы Томас Мюллер 2026 жылғы "Алтын допты" иеленуге басты үміткер екі футболшыны атады. Ол франциялық екі ойыншы - мюнхендік "Бавария" клубының вингері Майкл Олисе мен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппені ерекше атап өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мюллер Олисе мен Мбаппені таңдадыҚазір "Ванкувер Уайткэпс" сапында өнер көрсетіп жүрген Мюллердің пікірінше, беделді жеке марапат дәл Олисе немесе Мбаппеге берілуі керек.
Марапаттау рәсімі Лондонда өтеді"Олар көрерменге тартымды ойынды қақпаға төнетін қауіппен үйлестіре алады. Екеуі де шеберлігі мен күшінің арқасында тиімді ойнайды, сонымен бірге мұның бәрі өте оңай көрінеді. Меніңше, әлемнің үздік ойыншысы деген түсінік дәл осы қасиеттерден қалыптасады", - деді Мюллер The Late Run подкастында.
2026 жылдың қорытындысы бойынша "Алтын доп" иегері 26 қазанда Лондонда өтетін марапаттау рәсімінде анықталады.
Қазіргі "Алтын доп" иегері франциялық Усман Дембеле. Ол бұл жүлдені "Пари Сен-Жермен" сапындағы сәтті өнері үшін иеленген болатын.