Мюнхендік "Бавария" клубының шабуылшысы Харри Кейн Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы норвегиялық "Викингпен" матчте дубль жасап, Мессидің жетістігін басып озды, деп хабарлайды Vesti.kz.
33 жастағы ағылшын футболшысы сырт алаңдағы кездесуде командасына есепті теңестіруге көмектесті. 54-минутта Кейн пенальтиді сәтті орындаса, араға алты минут салып екінші голын соғып, есепті 2:2-ге жеткізді.
Кейн Мессидің жетістігінен асып түстіtalkSPORT мәліметінше, осы дубльден кейін Кейннің Чемпиондар лигасында 30 жастан асқандар арасында соққан голдарының саны 40 матчта 36-ға жетті.
Осылайша, "Бавария" шабуылшысы Мессиден озып кетті. Аргентиналық футболшы 30 жасқа толғаннан кейін Чемпиондар лигасының 48 матчында 35 гол соққан.
Роналдудың рекордына жақындадыСондай-ақ Кейн Чемпиондар лигасындағы гол соғу сериясын қатарынан тоғыз матчқа дейін ұзартты.
Opta деректеріне сәйкес, ағылшын шабуылшысы Чемпиондар лигасы мен Еуропа чемпиондары кубогы тарихындағы ең ұзақ гол серияларының екінші иегері атанды.
Бұл рекорд Криштиану Роналдуға тиесілі. 2018 жылы мадридтік "Реал" сапында өнер көрсеткен португалиялық футболшы бұл турнирде қатарынан 11 матчында гол соққан.