Футбол
Бүгін 09:08

Кейн 35 дүркін чемпионмен келіссөз жүргізіп жатыр

©depositphotos/operations@newsimages.co.uk

"Бавария" шабуылшысы Харри Кейн клубпен келісімшартын ұзартуы мүмкін. Тараптар жаңа келісім бойынша ымыраға келген сияқты. Ағылшын футболшысының мюнхендік клубпен қазіргі келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін жарамды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кейн 2029 жылға дейін қалуы мүмкін

Келіссөздердің екінші кезеңінен кейін келісімшартты кем дегенде 2029 жылға дейін ұзарту көзделуде. Тараптар әзірге келісімнің нақты мерзімі мен қаржылық шарттарын талқылап жатыр.

Келіссөзге футболшының ағасы әрі агенті Чарли Кейн де қатысуда. Ол жақында Германияға келіп, "Бавария" басшылығымен жаңа кездесулер өткізді. Бұған дейінгі кездесу де оңынан аяқталған.

Кейннің өзі келіссөздің дұрыс бағытта өрбіп жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, тараптар бір-екі айдың ішінде ортақ келісімге келуі мүмкін.

Еңбекақы мен өтемақы мәселесі талқылануда

Fichajes.net BILD басылымына сілтеме жасап хабарлағандай, Кейн келісімшартын 2029 жылға дейін ұзартса, "Бавария" сапында 35 жасқа дейін өнер көрсетеді. Сонымен қатар футболшымен одан да ұзақ мерзімді келісімшартқа жасалуы мүмкін.

Қазір шабуылшы салықтар шегерілмеген күйде маусымына шамамен 25 миллион еуро алады. Жаңа келісімшарт аз ғана ұазртылса, оның айлығы қазіргі деңгейге жуық болуы мүмкін. Ал ұзақ мерзімді келісімшарт жасалған жағдайда тараптар төлемді азайту туралы келісуі ықтимал.

Сонымен бірге өтемақы мәселесін де шешу қажет. Кейннің бұған дейінгі келісімшартында мұндай тармақ қарастырылған.

Кейн жоғары деңгейде ойнауды жалғастырғысы келеді

Кейн 2028 жылғы Еуропа чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр және 2030 жылғы әлем чемпионатына да қатысу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Қазіргі таңда онымен басқа клубтар нақты келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Бұған дейін ағылшын шабуылшысының есімі "Реал", Англия клубтары, Сауд Арабиясының командалары және "Барселонамен" байланысты аталған.

Өткен маусымда Кейн "Бавария" сапында 51 матч өткізіп, 61 гол соқты. Оның 36 голы Бундеслигада тіркелді. Ол Германия чемпионатының үздік сұрмергені атағын қатарынан үшінші рет жеңіп алды және екінші рет Еуропаның "Алтын бутсы" жүлдесіне ие болды.

2023 жылы "Тоттенхэмнен" ауысқаннан бері ағылшын шабуылшысы Германияның 35 дүркін чемпионы - "Бавария" сапында 100-ден астам гол соқты. Клубпен бірге ол екі рет Бундеслиганы, Германия кубогін және екі рет Суперкубокты жеңіп алды. Ал Чемпиондар лигасы Кейннің Мюнхендегі мансабында әлі де қол жеткізбеген басты трофей болып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport