Футбол
17 маусым 2022 10:12

Кешірім сұрады. Құрама бапкерін үш-ақ матчтен кейін қызметінен босатты

©Ruetir

Футболдан Мысыр құрамасы бас бапкерсіз қалды. Екі ай ғана істеген Эхаб Галал бұл қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sport24.

"Өте сыйлы адам Эхаб Галалға алғыс білдіремін. Ол өте қиын жағдайда қызмет атқарды. Одан кешірім сұраймын, бірақ, кейде қысым тым қатты, сондықтан бәрін өзгерткен дұрыс деп шештік", - дейді ұлттық футбол қауымдастығы (EFA) басқармасының мүшесі Хазем Эмам.

54 жастағы Галал командаға 2022 жылғы әлем чемпионатына алып шыға алмаған Карлуш Кейруштың орнына келген. Галалдың жетекшілігімен Мысыр құрамасы үш матч қана өткізді: Гвинеяны ұтып, Эфиопия мен Оңтүстік Кореядан ұтылды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport