Қазақстан премьер-лигасы жаңа маусымының 14-ші қатысушысы белгілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұның алдында Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитеті ҚПЛ 12-ден 14 командаға дейін кеңейетінін мәлімдеген. Премьер-лигаға бірінші болып қосылған оралдық "Ақжайық" болды.
Жорғары лигаға өткен екінші клуб Түркістан облысының "Арыс" командасы болып отыр.
Айта кетейік, "Костуин" әуесқой клубы 2002 жылы пайда болған. Бір жылдан кейін кәсіпқойға айналды, ал 2004 жылы клубтың атауы "Арыс" деп өзгертілді. Дегенмен, жыл соңында команда таратылды.
2018 жылы "Арыс" қайта құрылды, ал 2019 жылды Екінші лигадан бастады да, бірінші лигаға жолдама ұтып алды. Енді команда өз тарихында алғаш рет жоғары дивизионда ойнайды.