"Кем дегенде сырт алаңда..." Айдос Тәттібаев іріктеу ойындары жайлы
Ұлттық құрамада дебют жасаған футболшылардың бірі Айдос Тәттібаев алғаш рет пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық құрамада дебют жасаған футболшылардың бірі Айдос Тәттібаев алғаш рет пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бірінші ойын болғандықтан ерекше болды. Кездесуді аса ауыр өтті деуге болмайды. Тек керек кезінде өз мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз керек еді. Оның үстіне бірнеше футболшы құрамадағы дебютті матчтарын өткізді. Басында толқу болғаны рас. Финдер команда ретінде мықты екен. Ұйымдасқан түрде бір-бірін жақсы түсінеді екен. Шабуыл шебінде Теэму Пукки сынды ойыншылары мықты. Босния және Герцеговина құрамасына қарсы барымызды саламыз. Кем дегенде сырт алаңда тең нәтижені тіркеуге тырысамыз. Сәті түсіп жатса жеңіске жетеміз", - дейді шабуылшы.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы 7 қыркүйекте сырта алаңда Босния және Герцеговина командасымен кездеседі.
Жарнама