"Келісіміңізді берер едіңіз". Арсен Венгер әлем чемпионатын әр екі жыл сайын өткізу жайлы
"Арсенал" клубының экс-жаттықтырушысы, ФИФА-ның жаһандық футбол даму бөлімінің басшысы Арсен Венгер әлем чемпионатын екі жылда өткізу керек деп есептейді.
"Арсенал" клубының экс-жаттықтырушысы, ФИФА-ның жаһандық футбол даму бөлімінің басшысы Арсен Венгер әлем чемпионатын екі жылда өткізу керек деп есептейді.
"Барлық футболшылар үлкен турнирлерде ойнағысы келетінін білемін. Егер мен қазір сізге 10 минутқа әлем чемпионы болуға келісесің бе деп сұрасам, сіз сөзсіз келісіміңізді берер едіңіз. Сол секілді футболшыларға мүмкіндік беруіміз керек. Мысалы, кей құрама әлем чемпионатында төмен нәтиже көрсетуі мүмкін. Ал келесі жарысты күту үшін төрт жыл қажет. Егер бір ойыншы мундиаль алдында жарақат алса, футбол тойынан құр қалады. Сол үшін футбол турнирі әр екі жылда болғанын қалаймын", - дейді маман Sky Sports арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, биылғы жылдың жаз айында Сауд Арабия футбол Федерациясы әлем чемпионатын әр екі жылда өткізу туралы ұсыныс жасаған еді. Нәтижесінде ФИФА-ға мүше 166 ұлттық федерация қолдаса, 22 елдің футбол басшылары қарсылық танытты.
1930 жылдан бастап әр төрт жыл сайын футбол тойы ұйымдастырылып келеді. 1942 және 1946 жылдары екінші дүниежүзілік соғыстың болуына орай әлем чемпионаттары өткізілмеген болатын. Енді келесі мундиальді 2022 жылы Катар қабылдайды.
Жарнама