2022 жылы Қазақстан чемпионатында ойнайтын клубтар белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстан премьер-лигасына "Жетісу" мен "Қайсардың" орнына бірінші лигада жақсы нәтиже тіркеген "Ақсу" мен "Мақтаарал" клубтары келеді.
Сонымен қатар, "Астана", "Тобыл", "Қайрат", "Қызыл-Жар", "Ордабасы", "Ақжайық", "Ақтөбе", "Шахтер", "Тараз", "Каспий", "Атырау" мен "Тұран" ұжымдары бар.
Биылғы маусымда әзірге чемпиондыққа "Астана" мен "Тобыл" клубтары таласқа түсіп жатқанын айта кеткен жөн. Ал маусымда үш бапкер ауыстырған "Қайрат" чемпионаттың қола жүлдесін иеленді.