Келесі жылғы еурокубоктарға Қазақстаннан қатысатын барлық команда анықталды

©instagram.com/pflkaz

Қазақстан атынан еурокубоктарға жолдама алған барлық команда белгілі, деп хабарлайды Vesti.kz. 2022 жылғы Конференция лигасы ойындарына соңғы болып іліккен "Қызыл-Жар" болды, команда биылғы ҚПЛ-ді төртінші орында аяқтады. 

Бұл жолдамаға "Шахтердің" де таласы бар еді, ол үшін "кеншілер" Қазақстан кубогын ұтып алу керек болатын. Алайда қарағандылықтар шешуші ойында "Қайратқа" пенальти сериясында есе жіберді.

Еске салайық, премьер-лига алтынын тарихында екінші рет ұтып алған "Тобыл" 2022 жылы Чемпиондар лигасына қатысады. Ал екінші және үшінші болған "Астана" мен "Қайрат" Конференция лигасында өнер көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport