"Қазы алып кел дейді". Нұралы Әліптің "Зениттегі" бейімделу мен Құрама ойындары жайлы сұхбаты
Ресейлік "Зенит" сапында өнер көрсетіп жүрген Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Vesti.kz порталының YouTube арнасына сұхбат берді.
Ресейлік "Зенит" сапында өнер көрсетіп жүрген Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Vesti.kz порталының YouTube арнасына сұхбат берді.
22 жастағы футболшы Ресей мен Қазақстан чемпионаттарының айырмашылғы, "Зениттегі" бейімделу, командаластарының әзілдері және Құраманың алдағы ойындары жайлы айтып берді.
- Алда Қазақстан құрамасының алғашқы ойыны өткелі жатыр. Осы матчтардан не күтесіз және жанкүйерлерге не күтуге болады?
- Ассаламағалейкум! Ең бастысы өз құрамамызға келіп жатқаныма қуаныштымын. Мұның алдында Ресейде жүргенде елді сағындым. Алдағы төрт ойында барынша жақсы нәтиже көрсету. Басты мақсат - командалық ойын көрмсету.
- Құрамаға жаңа бапкер елді. Оқу-жаттығу жиыны қалай өтіп жатыр, мотивация бар ма?
- Жаңа бапкерді "Шахтердегі" кезінен танитынмын. "Зенитте" де онымен жұмыс істеген жігіттер бар. Олар да жақсы адам және бапкер ретінде де жақсы екенін айтты. Мен кеше Ақтауға барып келдім, сұранғаныма түсіністікпен қарады, үйде ас берген едік, соған сұранған болатынмын.
- Сіз Тимощукпен ойын өткізген жоқсыз, оның есінде бармын деп ойлайсыз ба?
- "Зенитке" барғанымда бірінші күні WhatsApp-қа бірінші болып Тимощук жазды, бірдеңе керек болса менен сұра деп. Ол бұрын "Қайратта" ойнады ғой, алматылық команданың ойындарын қазір де көреді.
- Сіздің "Зенитке" ауысқаныңызды қолдады ма?
- Әрине қолдады, бір-бірімізбен қалжыңдасамыз, адам ретінде өте жақсы.
- Зайнутдинов Чистяковты бейімделуге көмектесуін сұрағаны рас па?
- Иә, бірінші келгенде ешкімді таныған жоқпын, Дзюбаны ғана білетінмін, кейін осы Чистяков өзі келіп, бірдеңе түсінбей жатсаң менен сұра деді. Әзірге дейін содан көп нәрсе сұрап біліп аламын. Осы кеткенде қазы ала кел деді. Осы құрама ойындарынан кейін апарып беремін.
- Дзюбаның қалжыңдары жайлы айта кетсеңіз
- Дзюба адам ретінде өте жақсы. Бәріне бірдей қалжыңдайды. Басында маған тиіспейтін еді, кейін квадратта ойнаймыз, 20 передача болады ғой, соны ұстап алса, лезгинка билейді да. Сосын "ашыған қымыз ішіп қойдың ба не?" деп әзілдейді.
Жарнама