"Қазіргі басшылық барда ЦСКА-ға ешқашан бармаймын". Ивица Олич ресейлік клубты сынға алды

©ПФК ЦСКА

Хорватия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Ивица Олич мәскеулік ЦСКА клубының басшылығы мен бас директор Роман Бабаевты сынға алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі Чемпионат сайтына сілтеме жасап.

"Қазіргі басшылық барда мен ешқашан ЦСКА-ға бармаймын. Егер Бабаев қызметінен кетсе, қайта келуге дайынмын. Күндердің күнінде мәскеулік команданы дұрыс басқара алатын мамандардың келетініне сенімдімін", - дейді Олич.

Еске салайық, Олич футболшы кезінде 2003-2006 жылдары ЦСКА намысын қорғаған. Сонымен қатар, 2021 жылдың басында ресейлік клубқа бас бапкер келгенімен, клуб басшыларымен кикілжіңге келіп қызметінен кетуіне тура келді. Қазіргі таңда ол Хорватия құрамасының бапкерлік штабына кіреді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: