1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
29 маусым 2025 20:10
 

Каземиро мансабына қатысты маңызды шешім қабылдады

  Пікірлер

blog.share

Каземиро мансабына қатысты маңызды шешім қабылдады ©"Манчестер Юнайтед" ФК

33 жастағы "Манчестер Юнайтед" клубының жартылай қорғаушысы Каземиро мансабын "қызыл сойқандар" сапында жалғастыру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

33 жастағы "Манчестер Юнайтед" клубының жартылай қорғаушысы Каземиро мансабын "қызыл сойқандар" сапында жалғастыру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Mirror басылымының мәліметінше, бұл шешімге футболшының мамыр айының соңында Бразилия құрамасына шақырту алғаны да әсер еткен. Каземиро 2026 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында ойнағысы келеді. Ол АПЛ-де өнер көрсету бұл мақсатқа жетуге үлкен мүмкіндік береді деп санайды.

Маусым айының басында 33 жастағы футболшы Бразилия құрамасы сапында 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Эквадормен (0:0) және Парагваймен (1:0) өткен матчтарға қатысқан.

Бұған дейін Каземиро ұлттық құрамада ұзақ уақыт бойы тұрақты ойыншы болған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!