Каземиро "Манчестер Юнайтедке" ауысуы мүмкін

©Marca

"Реалдың" жартылай қорғаушысы Каземиро "Манчестер Юнайтедке" ауысуға жақын. Бұл туралы белгілі инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.

Журналисттің айтуынша, ағылшын командасы 30 жастағы ойыншымен келіссөздер жүргізуде. Белгілі болғандай Бразилия құрамасының футболшысы алдағы 48 сағатта медициналық тексерістен өтіп "қызыл сойқандардың" ойыншысы атанады.

Каземиро Тұманды Альбионда аптасына 413 мың еуро табыс табады деген де ақпарат бар.

Еске салайық, жартылай қорғаушы "бланкос" сапында 336 матчта алаңға шығып, 31 гол салған. Сонымен қатар, 29 рет нәтижелі пас берген. Ол мадридтіктермен 18 трофей жеңді. 

Каземиро "Реалмен" 2025 жылға дейін келісімшарт жасасқан. Өз кезегінде "корольдік" клуб ойыншыны 80 миллион еуроға бағалап отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар