Футбол
Бүгін 08:44

Каземиро әлем чемпионаттары тарихында болмаған өзгеше рекорд орнатты

©Бразилияның футбол конфедерациясы

Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы Каземиро футболдан әлем чемпионаттары тарихындағы ерекше рекордты жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тарихи оқиға ӘЧ-2026-ның 1/16 финалындағы Жапонияға қарсы матчта тіркелді. Кездесудің 14-минутында тәжірибелі хавбек айып алаңы маңында жапониялық шабуылшы Дзюнъя Итоға қарсы өрескел ойнағаны үшін сары қағаз алды.

Бұл ескерту 2018 жылғы әлем чемпионатындағы дебютінен бері Каземироның мундиальдардағы бесінші сары қағазы болды. Осылайша, бразилиялық футболшы әлем чемпионаттары тарихында ең көп сары қағаз алған ойыншы ретінде жеке-дара рекорд орнатты.

Айта кетейік, осы кездесуде Каземиро есепті теңестіріп, Бразилия құрамасының камбэк жасауына жол ашты. Матч 2:1 есебімен бразилиялықтардың жеңісімен аяқталды.

Еске салайық, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің қазіргі чемпионы – Аргентина құрамасы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport