Футбол
23 қаңтар 2018 11:13
 
"Қазақтың Мессиі" ресейлік клуб сапындағы алғашқы голын соқты

  Пікірлер

blog.share

"Қазақтың Мессиі" ресейлік клуб сапындағы алғашқы голын соқты

Қазақстандық жас талантты футболшы Еркебұлан Сейдахмет "Уфа" командасы сапындағы алғашқы ойынын өткізді. Ойынға шығып қана қоймай, алғашқы голын да соқты.

"Уфа" командасы Кипрдегі оқу-жаттығу жиындары кезінде "Алки" (Кипр) командасымен жолдастық кездесу өткізді. Алаңға 10-шы нөмірлі жейдемен шыққан "қазақтың Мессиі" ойындағы үшінші голды өз еншісіне жазды.

Бірінші таймнан кейін команда құрамы толықтай алмасты. Ресейлік команда қарсыластарын 7:0 есебімен ұтты.

Бір қызығы, командаластары Еркебұланға Лео деп ат қойған. Аргентиналық футболшы да 10-шы нөмірлі жейдемен алаңға шығатын ойыншылардың бірі. 

"Уфа" командасының Кипрдегі оқу-жаттығу жиыны 26 қаңтарға дейін созылады. 25 қаңтарда команда Польшаның "Висла" клубымен жолдастық кездесу өткізеді.

Айта кетейік, Ресей премьер-лигасының ХХ тур ойындарынан кейін башқұртстандық команда 27 ұпаймен 6-орында келеді. Команданы танымал футболшы болған Сергей Семак жаттықтырады. Ал Ресей біріншілігі наурыз айында жалғасады.

Еркебұлан Сейдахмет өткен жылы қыста Санкт-Петербургтегі "Гранаткин мемориалы" халықаралық турнирінде ерекше көзге түсті. Қазақстан жастар құрамасының үздігі атанып, финалға дейін жетуіне зор септігін тигізді. Жарыстан кейін "Зениттің" жастар құрамында болып, ФИФА ережесі салдарынан келісімшартқа қол қойған жоқ.

2017 жылдың наурыз айында Еркебұлан "Зениттің" жастар құрамымен Италиядағы "Viareggio Cup" халықаралық турниріне қатысты. АҚШ-тың "Атланта Юнайтед" клубына қарсы ойында 35 минут ішінде покер жасады.

Жарнама

Живи спортом!