"Қазақтар мықты ойнады". Словакияның бұрынғы бас бапкері Ұлттар Лигасы жайлы

©sportarena

Словакия құрамасының бұрынғы бас бапкері Павел Гапал Ұлттар Лигасында өз командасының Қазақстан ойыншыларына не себепті екі рет ұтылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Қазақстанмен өткен ойындарды көпшілік масқараға балап жатты. Бір жағынан қазақ командасы сапалы ойын көрсетті. Әрине, алғашында оларға қарсы екі матчта ұтыламыз дегенге ешкім сенбеді. Алайда Қазақстандағы ойынды көрсеңіз, трибунада ине шаншар орын болмады. Қазақтар мықты ойнады. Енді Қазақстан құрамасына топтан шығу үшін небәрі бір кездесуде жеңіске жету қажет. Біздің төмен нәтижемізді трагедияға баламаймын. Дегенімен, Словакиға толықтай команданы қайта жасақтау қажет секілді", - дейді Гапал idnes.cz сайтына берген сұхбатында.

С дивизионындағы келесі матч 22 қыркүйекте өтеді. Магомед Адиев жаттықтыратын "қаршығалар" өз алаңында Беларусьті қабылдаса, дәл сол күні Словакия мен Әзірбайжан кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар